Шымкентте 19 жасар қыз зорланғанын айтып, жергілікті полиция департаментіне арызданған. Қазір бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әсел Саденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Ағымдағы жылдың 6-ақпанында Шымкент қаласының азаматшасы «зорлау» фактісі бойынша арызданған болатын. Бүгінгі таңда қылмыстық кодекстің 120-бабы — «зорлау» бойынша, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды».
Бізге белгілі дереккөздерге жүгінсек, өрімдей қыздың өзін зорлады деп айып тағып отырған азамат та осы полиция департаменті, ондағы жол-патрульдік полициясының өкілі, аға сержант болуы мүмкін. Ал зорланғанын айтып арызданған қыздың бүгін-ертең босанғалы отырғаны да белгілі болды. Сондай-ақ, 29 жастағы жас полицейдің үстінен дәл осы арыз түскен мезет, ол қызметінен босатылған.
Мөлдір Бекеева