Шымкенттің әкімімен кездесуге келіп, жұмысты болды

243

Шымкенттің әкімімен кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі екі азамат жұмысқа орналасты. Бүгін үшінші мегаполистің мэрі Г.Әбдірахымов Шымкент қаласының тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады. Ресми кездесуге келген тұрғындар қала әкімінің алдында өз мәселелерін алға тартты.

Тұрғындардың бірі жол мәселесін қозғаса, өзгелері коммуналдық мәселелермен, ал қалғандары тұрақты жұмысқа тұруды көздеп келіпті. Азаматтарды тыңдағаннан кейін қала әкімінің айтуынша, барлық өтініштер бақылауға алынады. Сол бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Ал екі азаматтың мәселесі қабылдау кезінде де бірден шешілді. Олар жұмысқа орналасты. Осылайша, бірі  «Қуатжылыорталығы-3» ЖШС-де адвокат ретінде жұмыс істейтін болады, екіншісі конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке қабылданатын болады.