Қызылорда облысының Жалағаш ауданында орын алған тікұшақ апатында қаза тапқан шымкенттік майор Сабыр Тоқбаевтың денесі кеше туған жеріне жеткізілді.
Марқұмның денесі Шымқаладағы 55652 әскери бөлімінің алаңына Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағымен жеткізілген болатын. Әскери қызметкермен қоштасу митингісі де осы бөлімде өтті.
Оған Шымкенттегі барлық әскери бөлім қызметкерлері қатысты. Қызметтестері адал дос, ақпейіл азаматпен қимай қоштасты. Бірнеше жыл бірге қызмет еткен әріптестерін еске алып, көз жасына ерік бергендер көп болды.
Митингтен соң марқұмның денесі әскери жасақпен отбасына жеткізілді. Қаза тапқан майорды бүгін жер қойнына тапсырды.
Сабыр Тоқбаевтың артында жеті баласы қалды. Үлкені 17-де болса, кенжесі әлі жасқа да толмаған.