Шымкентте ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат түнгі сағат екілер шамасында орын алған. Оқиға салдарынан екі адам жарақат алып, көлік өртке оранған. Қазір екі тұрғын да жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап, өмірлерін сақтап қалуға тырысуда. Белгілі болғандай, жолаушы әйел 12 апталық жүкті болған. Толығырақ Нұргүл Жолымбетова баяндайды.
Жол көлік апаты түнгі сағат 2 лер шамасында орын алған. Тұрғындардың айтуынша көлік жүргізушісі мен жолаушы қыз осы жергілікті тұрғындар. Жігіттің жасы нәбәрі 21 де.
ВЕНЕР ЮЛДАШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Осы жерде тұрамын. Чапаевкада. Кеше түнде жол көлік апаты болды деп есіттік. Мен оларды білемін. Осы жерде тұрады. Жақын маңда»
ЛАРИСА ФРЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Олар осында тұратын жастар. Түнгі 2 жол апатына ұшырапты. Менің ойымша жолдағы шұңқырға түсіп кетіп, ұрылған секілді. Бала менің қызыммен жасты. Бірге оқыған. Махмуд 21 -жаста».
Ал, төтенше жағдайлар департаментіне шұғыл қоңырау түнгі екі жарымдар шамасында келіп түскен. Тез арада оқиға орнына жеткен мамандар, зардап шеккендерді жәдел жәрдем қызметіне тапсырған. Сондай-ақ, отқа оранған темір тұлпардың қызыл жалынын сөндірген.
«Өрт толық сөндірілді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шегіп, жедел медициналық көмек қызметінің мамандарына тапсырылды. Өрттен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Айта кету керек, автокөліктердегі жанар-жағармай материалдары, пластик және басқа да синтетикалық бөлшектердің көп болуы өрттің қарқынды дамуына әсер етіп, көліктің санаулы минуттар ішінде толықтай жалын құшағына орануына себеп болуы мүмкін».
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Қазіргі таңда жол көлік апатынан зардап шеккен екі тұрғын нөмірі 1 ші қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Айта кетейік, жолаушы азаматша 12 апталық жүкті болған. Ал, полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, дүкен ғимаратына соғылған. Соққы салдарынан көлік құралы өртенген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Нұргүл Жорлымбетова






