Хадиша Шалабаева концерттен түскен қаржыны көпбалалы отбасыларға үлестірді

807

ҚР Мәдениет қайраткері, эстрада әншісі Хадиша Шалабаеваның 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі орай қайырымдылық концерті өтті.

Отырар ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен өткен ән кешінде «Әлем ақыны» Мұхтар Шахановтың «Қазақ тілі» әнімен басталып, «Гүл-гүл», «Шәй ішіп кетсең қайтеді», «Алға, Қазағым!», «Қызғалдақтар» әндері шырқалды.

Сонымен қатар, әнші «Қазақ вальсінің королі», сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Құшақ жайған қандай адам?!», «Отырардағы той» секілді танымал әндерін нақышына келтіре орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ, әншімен бірге өнердегі әріптестері, елімізге белгілі өнер майталмандары Шахизада Шалабаева, Ұлар Бәкірова, Бағдат Әділхандар кеш қонағы болып, өз репертуарларынан танымал әндерді көпшілікке тарту етті.

Қазақтың қайсар қызы Хадиша Өмірзаққызы Шәуілдір төрінде өткен қайырымдылық ән кешінен түскен қаражатты аудандағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған арнайы қорға көмек ретінде тарту ететінін айтып, мерекелік-концерттік бағдарламаны ұйымдастыруға атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.