Жетісайлықтар «Қазақ сарбазына» ат мінгізді

301

Қазақ боксының жарқын болашағы Садриддин Ахмедов Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қабылдауынан кейін «Жамал апа» дәмханасында әруақтарға арнап құран оқытып, ас берді.

Дәмхана алдында күтіп алған аудан жастары мен аудан тұрғындары Жетісайдан шыққан әлем чемпионына қошемет көрсетіп, ақ тұлпар мінгізді. «Әрқашанда жүрер жолы ақ болсын» деген ниетпен ақ кілемнің үстімен жүргізді.

Сонан соң дұниеден өткен ата-баба әруақтарына бағышталып құран оқылып, көпшілікке ас берілді.