«Қорғау» қосымшасы 77 млн теңге қарызы бар тізгіндеушіні анықтады

Фото Шымкент ПД

“Қорғау” бағдарламасы арқылы қалалық ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды. “Hyundai” маркалы көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 77 миллион теңге берешегі бар екені анықталды.

Түркістан көшесіндегі көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері бағытталды. Төлеуден жалтарған азаматқа борыштарын өтеу туралы ескертілді.
Ал, темір тұлпар айыптұраққа қамалды. Азамат оны қарыздарын төлеген соң қайтара алады.
Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.