2019 жылы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында Сенат спикері Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Назарбаеваның көмекшісі Сәуле Мұстафаева мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Жоқ, Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынбайды», — деді Мұстафаева телефон арқылы.
Бүгін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.