Демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауады

131
фото Казинформ

 

«Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сәуір және мамыр айларында жауын-шашын көп түседі. Сәуір айындағы 25 күннің 19 күнінде айлық нормадан көп жауын-шашын болды. Сонымен қатар, республиканың басқа аймақтарында да сәуір айы жауын-шашынды болды. Сәуірдің соңғы демалыс күндері де  Баренцева және Карск теңіздерінен ауысатын суық атмосфералық ағындарға байланысты көптеген аймақтарда жаңбыр, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады және ауа температурасы төмендейді», – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Тек, жексенбі күні оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды, бірақ күн райы салқындайды