Úı ANONS Биыл қар жауа ма?

Биыл қар жауа ма?

Қазақстанның басым бөлігінде қыс қоңыржай жылы болады деп күтіледі. Синоптиктердің алдын ала болжамдарына сәйкес, республика аумағында биылғы қыс маусымы қалыптыдан жылы өтпек. Дегенмен маусым барысында кей кезеңдерде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ, тұман және мол жауын-шашын сияқты қолайсыз құбылыстар жиі байқалуы мүмкін.

Еліміздің көп аймағында алдағы қыс маусымы қалыптағыдан жылырақ өтеді деп болжанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, қысқы кезеңдегі жауын-шашын мөлшері негізінен климаттық норма деңгейінде сақталады. Десе де, синоптиктер қыста ауа температурасының күрт ауытқуы күтілетінін атап өтті. Яғни, жылы күндер суық аязды толқындармен алмасып отырады.

Желтоқсан айы жалпы алғанда жылы болып, жауын-шашын мөлшері де норма деңгейінде сақталады деп болжанып отыр.

Желтоқсандағы ең қарқынды суық толқын бірінші онкүндіктің соңында күтіледі — елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 23-28 аязға, күндіз 13-18 аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Екінші және үшінші онкүндіктерде түнде температуралық фон 15-20 аяздан 5-10 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Ал, күндіз 3 -2 градус жылыдан 5-10 аязға дейін, сондай-ақ,  шығыста — кейбір күндері ауа температурасы түнде 25-35 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Ал, күндіз ауа температурасы  15-20 аязды көрсетеді.  Сонымен қатар, Батыста және елдің оңтүстік жартысында айдың басында температураның жоғарылауы күтіледі. Күндіз 5-10 жылы, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде минус 12-17 градус,  күндіз 3-8 аязға дейін біртіндеп төмендеуі болжанады. Содан кейін ауа температурасының түнде 0-5 аяздан 7-12 аязға дейін ауытқуы күтіледі, күндіз 0-8 жылы ауа райы күтіледі.

Ал, Түркістан облысы бойынша, жақын күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады.  Тек бірер күнде таулы аймақтарда қар түсуі ықтимал.

ДАМИРА, ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК: «Түркістан облысы бойынша, ауа райын айтатын болсақ, алдағы екінші-3 ші желтоқсанда ауа райы жауын шашынсыз болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде таулы аймақтарда тұман түседі.  Жел 8-13 м секунд. Оңтүстік шығыстан соғады. Ауа температусы 1-6 градус аяз түнде. Облыстың солтүстігінде 9 градус аяз. Күндіз 9-14 градус жылы. Облыстың солтүстігінде 6 градус жылы, 4 желтоқсанда облыстың батысында оңтүстігінде, таулы аудандадар қар күтіледі. Ал күндіз жаңбыр жауады».

Сонымен қатар, синоптиктердің болжамына сәйкес, 2026 жылдың ақпан және наурыз айлары әдеттегіден жылырақ болады деп күтіледі. Бұл кезеңде жауын-шашын мөлшері негізінен климаттық нормаға сай болады. Тек наурыз айында республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтар мен тау бөктерлерінде жауын-шашын көлемі нормадан жоғары түсуі мүмкін.

Нұргүл Жолымбетова