Елімізде «Bala QORGAÝ” чат-каналы құрылды

333

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды анықтау мақсатында Telegram мессенджерінде Bala QORGAÝ (Бала Қорғау) чат-каналын құрғанын хабарлайды.

Егер Сізге жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуге болады.

Аталған сілтемелер ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілетін болады.

Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «bala_qorgau» деген жолды жазу қажет.

 

QAINAR KÓZҚР БҒМ баспасөз қызметі