Газ баллондарын қолданатын тұрғындардың мәселесі қашан шешіледі?

402

Мұндай қайғылы жағдай Шымкентте де орын алуы мүмкін. Шаһарда бұған дейін айтқанымыздай 30 — ға жуық көпқабатты үй тұрғындары газ баллонын қолданады. Қанша тыйым салынса да, тұрғындардың басқа амалы жоқ. Үйлеріне табиғи отын тартылмаған.

Бұл мәселе төтеншеліктердің күн тәртібінен түспей тұр. Бұл жолы арнайы дөңгелек үстелге жиналғандар көпқабатты тұрғын үйлерде болуы мүмкін төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында табиғи газбен қамтамасыз етуді қарастырды.

Әкімдікке де қызметтік хат жазылған. Жергілікті билік бір шешімге келгенше, электр көздерін пайдалануға 50 пайыз жеңілдік қарастыру қажетілігі де айтылды. Аталған іс-шараға қалалық прокуратура, аудан әкімдіктері, кәсіпкерлік палатасы, тұрғын үй инспекциясы басқармасы, «ҚазТрансГазАймақ» мекемесінің мамандары қатысты.

Мадияр Жақсыбаев, қалалық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі: «Бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағында табиғи газбен жабдықталмаған жалпы 1642 пәтерден тұратын 30 көпқабатты тұрғын үй бар (онда 5 281 адам тұрады). Аталған көпқабатты тұрғын үйлердің 70 пайыздан астамы газ баллон қондырғыларын пайдаланып, қалғаны электр плитасын қолдануда. Мұндай жағдайлар жарылыс пен өрттердің туындауына әкеп соғатыны баршаға мәлім».

Ернар Балабеков