Úı ANONS Түркістан облысында өрт кезінде 25 литр газ балоны шығарылды

Түркістан облысында өрт кезінде 25 литр газ балоны шығарылды

2023 жылдың 11 қаңтар күні Түркістан қаласы «Бекзат» шағынауданындағы Сандыбай көшесінде орналасқан 1 қабатты тұғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт оқиғасы орнына №1 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде жанып жатқан тұғын үй ішінен 25 л пропан газ балонын алып шықты.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.
Өрт сағат 15-12-де ауыздықталып, 15-45-те толықтай сөндірілді..
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 11 өрт сөндірушісі мен 2 бірлік техникасы шықты.
Түркістан облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.