Шымкентте газ баллонның жарылысынан 2 адам зардап шекті

195

Кезекші-диспетчерлік қызметіне 7 қаңтарда сағат 06:20-да таңертең сағат 04:49-да Еңбекші ауданының Жұлдыз шағынауданында Жаңа тұрмыс көшесіндегі жеке тұрғын үйде сыйымдылығы 50 л. газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жарылыс 30 ш.м. қабырғаның құлауына әкеліп соқты. Үйдің жалпы ауданы – 144 ш. м. Оқиғаның алдын ала себебі – қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Кешкі уақытта 6 қаңтарда үй иесі қауіпсіздік техникасын бұзып, баллонды газбен толтырған (50 литрлік газ баллоны толығымен толтырылған), оны үйдің ішіне кіргізген. Түнде газдың иісін сезіп, үй иесі тексеруге тұрған, абайсызда электржарығы қосылған . Осы себепті газ-ауа тарсылы пайда болды, содан кейін жарылыс орын алған.

Жарылыс нәтижесінде 1985 ж.т. азаматша, үй иесі екі қолдың, аяқтың және беттің 2-3 дәрежелі 23% күйік диагнозымен, 2006 ж. т. үй иесінің қызы кеуде қуысының жарақаты диагнозымен, орташа ауырлықтағы жағдаймен ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында ТЖД-ның 13 қызметкері мен 3 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері жұмыс істеді.

Газ баллонының жарылу себептері

Ең басты себеп баллондарды сақтау және пайдалану ережелерін бұзу болып табылады. Егер клапан жеткілікті түрде жабылмаса, газ шығып, бөлмені толтыра бастайды. Кез-келген кездейсоқ ұшқын бөлмедегі жарылыс пен өртке әкеледі.
Тағы бір нұсқа – баллонды аяздан кіргізу. Егер сыйымдылықты ұзақ уақыт төмен температурада болған көшеден ішке кіргізсе, температураның күрт өзгеруі газдың кеңеюіне әкеліп соғып, ағып кету қаупін арттырады. Сондықтан, ешқандай жағдайда газ баллонды жылу көзінің жанына қоюға болмайды. Газдың кеңеюімен пайда болатын баллон ішіндегі қысымның жоғарылауы ыдыстың жарылу қаупін арттырады.

Уақыт өте келе микрожарықшақтар немесе металл балонның коррозиясы пайда болуы мүмкін. Сырттай мұндай зақым көрінбеуі мүмкін, бірақ ішкі жағынан олар үлкен қауіп тудырады. Бұл баллонды аяздан өте жылы бөлмеге әкелмеудің тағы бір себебі – оның бетінде конденсат пайда болады, бұл коррозия мен одан кейінгі апат қаупін арттырады. Егер баллон металдан жасалмаса, онда мұндай қауіп жоқ, бірақ бұл газ баллонын абайсызда қолдануға болады дегенді білдірмейді.

Толтыру ережелері

Тұрмыстық газ баллондарын толтыру ережесі мынадай техникалық норманы көздейді::
* Бутан үшін — 0,438 кг/л, пропан үшін-0,425 кг/л көлемі;
* баллонды толтыру оның көлемінің 85% аспауы тиіс;
* қалған 15% бу фазасы мен қалдық қысым үшін толтырылмайды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы