«Контрафакт» республикалық акциясы басталды

514

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық конкурсы ұйымдастырылуда.
Конкурс ережелеріне сәйкес, 14-16 жас аралғыныдағы балалар арасында «Зияткерлік меншік және мемлекет-2050» тақырыбында эссе жазу және 16-29 жас аралығындағы жастар арасында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында қысқа (1 минуттық) бейне роликтеріне (vine) жңімпаздарды анықтау көзделген.
Конкурстың мақсаты еліміздегі контрафактілік тауарларға жағымсыз көзқарасты қалыптастыру және ішкі нарықта контрафактілі өнімдердің таралуына жол бермеу.
Аталған тақырып бойынша үздік эссе және үздік бейнеролик Әділет министрлігіне жолданатын болады. Министрлік тарапынан жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар қарастырылған .
Қатысушылар эссені қағаз түрінде немесе электронды форматта жазуға болады.
Қатысушылар эссені қағаз немесе электронды форматта shympress@mail.ru және t.bekmurzaev@adilet.gov.kz электронды мекен жайларына, ал бейне роликтерді инстаграмм парақшасына жүктей аласыздар.
Қосымша ақпараттар алу үшін төменде көрсетілген ұялы телефондарға хабарласа аласыздар.

Байланыс телефондары:
М.Абдезов: тел: 8771 141 80 87, 8701 737 37 41
Т.Бекмурзаев: тел: 8702 720 12 58

Жанар Есенбекова