Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Елбасымыздың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау аясында гастрольдік сапармен келді.
Сіздердің назарларыңызға: 22- сәуірде — Әбіш Кекілбаевтің «Шыңырау» драмасын, 23-і сәуірде — Григорий Гориннің «Атың өшсін,…!» трагифарсын, 24- сәуірде – Нартай Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» реквиемін, 25- сәуірде — Александр Цагарелидің «Ханума» поп-арт музыкалық комедиясын ұсынамыз.
Басталуы: 18:30. Өтетін орны: Орыс драма театры, Әл-Фараби алаңы, 4/2.