Шымкент қаласына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова келді. Іс сапарын қала тұрғындарымен кездесуден бастады.
Шымкент қаласының орыс драма театры ғимаратында өткен басқосуға 500-ден астам адам, оның ішінде көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасы мүшелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Айта кетейік, бұл шарада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі — Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы, Білім және ғылым министрі — Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы, Денсаулық сақтау Вице министрі — Ақтаева Ләззат Мейрашқызы, Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы — Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы да болды.