Оңтүстікке Бақытжан Сағынтаев келді

515

Оңтүстіктің кәсіпкерлері қолдауға зәру. Әсіресе өңірдің ірі өндіріс орындары тоқыраудың алдында тұр. Шымкентке арнайы іс-сапармен келген Қазақстан Республикасы рремьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа кәсіпкерлер осындай мәселелерін жайып салып, мемлекеттен қолдау сұрады. Сағынтаев мырза өз кезегінде отандық кәсіпорындарды дамытуға, жұмыс орындарын сақтап қалуға, қуаттылығын арттыруға көмектесуге уәде берді.

Күнгейде арнайы іс-сапармен жүрген премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ұлттық компаниялар мен өңірдің ірі өндіріс орындарының басшыларын жинады. Әлемдік дағдарыстың біздің елге де едәуір әсер еткенін жеткізіп, шығындардың не себепті қысқартылғанын мәлімдеді. Отандық бизнеске қолдау көрсету бағытында ел үкіметі тарапынан белсенді жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Pt8xeS89yBk[/youtube]

Ақордадан ат артып келген премьер-министрдің орынбасары Оңтүстіктегі 3 индустриалды аймақтың жұмысын жоғары бағалады. Ендігі мақсат – осы ірі кәсіпорындарды сақтап қалу, жұмысын орнын азайтпау.

Осы тұрғыдан келгенде күнгейдің кәсіпкерлері өздерінің көкейтесті мәселелерін жайып салды. Бірі өнімдерінің өтпеуінен білікті мамандарынан айрылудың алдында тұрғанын жеткізсе, енді бірі өзге аймақтар Оңтүстіктің өніміне теріс қарайтындарын жасырмады. Солардың қатарында Кентау трансформатор зауыты мен «Hill corporation» май өңдеу зауыты бар.

Елбасының тікелей тапсырмасы – отандық өндірістің дамыту, оның қуаттылығын арттыру. Өнім түрлерін ұлғайту, ең бастысы, жұмыс орындарын сақтап қалу әкімдерге жүктелген. Өндірістік процестерді тұрақтандыру мақсатында ОҚО әкімдігі мен өңірдегі ірі өндіріс орындары, оның ішінде «Қазатомпром», Кентау трансформатор зауыты, «ПетроҚазақстан», «Стандарт» цемент компнаиялары арасында меморандум түзілді. Осылайша, Оңтүстіктегі 50 мың жұмыс орнын сақтап қалуға жол ашылды.