Сарыағаш прокуратурасының қызметкерлері баспаналы болды

161

 

Сарыағаш ауданы прокуратурасының қызметкерлеріне тұрғын үй кілті тапсырылды. Түркістан облысының Сарыағаш ауданы прокуратурасының 8 жанұялы қызметкерлері «Кеден қалашығында» орналасқан жаңа пәтерге қоныстанды.

Бұған дейін аудандық прокуратура қызметкерлері орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ және одан да басқа​ тұрмысқа қажетті жағдайлары жасалмаған жалдамалы пәтерлерде тұрып келген.

Бұл жаңа​ пәтерге қоныстанушыларға қызметтік пәтерлердің кілтін облыс прокурорының өзі Нұрғалым Әбдіров тапсыра отырып, оларға отбасылық амандықты тіледі.

Бүгінгі күні Түркістан облысы бойынша ведомствалық пәтерде прокуратура органының 34 қызметкері тұрып жатқаны атап өтіледі.

Сонымен бірге, тұрғын үйді қажет ететін басқа да қызметкерлеріне, оның ішінде Түркістан қаласына қоныстанғандарға үй-жаймен қамтамасыз ету мәселесі қаралуда.

Жанар Есенбекова