Шымкент қаласы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы сайланды

220

Шымкент қаласы Қоғамдық Кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес мүшелеріне 27 адамнан тұратын жұмыс тобының жаңа құрамы таныстырылды. Олар – мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес, қоғамдық бірлестік және басқа да ұйымдардың өкілдері.

Жиын барысында Қоғамдық Кеңес Президиумының хатшысы Жанар Бектаеваның ұсынысымен төралқа мүшелігіне Дариягүл Қожамжарова, Игор Вербицкий, Ғани Ташқараев, Нұрғазы Бұхарбаев және Бекайдар Төлегенов болып бекітілді. Сондай-ақ жиналғандар жаңа төрағаны сайлады.

Кеңес мүшелері бұл қызметке Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаевты лайық деп санап, бірауыздан төраға етіп сайлады. Көпшілік Нұрғазы Бақтыбайұлын жоғары ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттерге ие, алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде жауапкершілік пен табандылық танытатын, іске шығармашылық тұрғыдан қарайтын азамат ретінде біледі, – деді кеңесте сөз алған «Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары Бекайдар Мұсаұлы.