Úı ANONS Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрайды

Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрайды

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында алдымен әлеуметтік сала бойынша басқарма басшысы  атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты есеп берді. Ол халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, әлжуаз топтарды қолдау, әлеуметтік нысандардың жұмыс сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларымен  таныстырды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы жылдық жұмыс нәтижелері бойынша есеп берді. Басқарма басшысы баяндама барысында өңірдегі еңбек нарығының жағдайы, жұмыспен қамту шараларының тиімділігі және әлеуметтік қолдау бағытында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат ұсынды.

Есепке сәйкес, биылғы жылы бірнеше негізгі бағыт бойынша оң өзгерістер байқалған. Атап айтқанда, жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Сонымен қатар, азаматтарды кәсіпке баулу курстары кеңейтілген. Бұдан бөлек, аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарды қолдау шаралары күшейтілген. Алайда, алғашқы жұмыс орны бойынша жоспар орындалмай отыр.

ЖАНАТ ӨТЕБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Алғашқы жұмыс орны бойынша бізде кішкене жоспар орындалмай отыр. Қолында дипломы барлар жастар практикасына кетіп қалды. 10-11 бітірген азаматтардың ішінде колледждермен  ЖОО оқуына байланысты, бұл жоспар 56,8  пайызға орындалып отыр. Басқа бағыттар бойынша жоспар орындалып отыр. Ұрпақтар келісімшарты 80 пайыз, мүгедектерге арналған жұмыс орны да толық орындалып отыр».

Басшының есебін мұқият тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері, түрлі сұрақ қойып әлеуметтік саладағы кейбір кемшіліктерді теріп шықты. Мәселен, қоғамдық жұмысқа тарту бойынша қаржыны үнемдеу қисынсыз деп отыр.

«Жұмыспен қамтуда қаржыны үнемдеу қисынға келмейді. Бізде жұмысқа қамтуда шаралар көп қой. Екінші мәселе өтінім болмады деп отыр. Неге қаржы үнемделеді? Қосымша жұмысқа орналастыратын қаржы неге игерілмейді. Негізгі көрсеткіш тұрақты жұмысқа орналастыру. Ол неге 32 пайызға орындамалмаған?».

ЖАУАП: «Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша, бізге өтінім береді. Бұл жерде өмір болған соң, уақытша жұмыс орында істеп жатқан адам, тұрақты жұмысқа тұруы мүмкін. Мысалы, жастар практикасына барған маман, өзін көрсетіп, сол жерде қалуы мүмкін. Неге мен оны қаржыны игеру үшін деп, ол орынды ұстап отырмаймын. Ол жерге екінші адамды жіберемін.  Алты айға қаржы үнемделеді».

Сонымен қатар, кеңес мүшелері оңтүстік өңірінен солтүстікке қоныс аударған  тұрғындардың мәселесін көтерді. Олардың көшіп барған аймаққа сіңісіп жұмыс істеуіне барынша қолдау көрсетіп, екі ортада алтын көпір болу керек деді. Тіпті, кеңес мүшелері, бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істесеңіздер, көмек беретін едік деген уәжін жеткізді.

ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ: «Солтүстікте жұмыс орындары көп. Мынау әкімдіктің есігін теуіп жүргендерге айтатын едік. Ол жақта жұмыс бар деп. Өліп бара жатсаң, пәлен жерде жұмыс бар деп. Мына кісілер көріп келді деп сөйлетсеңдер, сонда әкімге тиетін сөзді ұстап қалатын едік».

ЖАУУАП: «Бес ауданда бес Мансап орталығы бар. Біздің мамандар ватсаппен хабарласып хабарласып отыр. Сіз қателесесіз».

Айта кетейік, қалада жұмыспен қамту шаралары бойынша биылғы жоспар 49655 адамды қамту керек болатын. Алайда, басқарма 51 мыңнан астам адамға уақытша, және тұрақты жұмыс тауып беріп, бірқатарын кәсіптік оқытудан өткізген. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға төмендеген. Ал жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайыздан  2,9 азайған.

Нұргүл Жолымбетова