Шымкентте көркем гимнастикадан турнир өтті

326

Қаламызда көркем гимнастикадан Шымкент кап-турнирі жалауын көтерді. 600-ге жуық қатысушының басын қосқан жарыста спортшылар 3 жас ерекшелігі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Олар жасөспірімдер, жастар және ересектер. Басты мақсат — лайықтыларды Қазақстан чемпионатына іріктеу.

Муслим Шаназаров: «Жарысқа еліміздің ең мықты көркем гимнасттары келді. Алда оларды айтулы жарыстар күтіп тұр. Ол үш бірдей елде өтетін әлем біріншіліктері. Павлодар қаласындағы Қазақстан чемпионаты мен Нұр-Сұлтан қаласындағы спартакиада.

Турнирде елімізден Байқоңыр, Тараз және Алматы командалары бақ сынауда. Ал шет елден Өзбекстанның 4 қаласы мен Қырғызстанның 3 командасы келген.

Роза Абитова: «Алда Италиядағы Әлем біріншілігіне дайындалудамын. Әрі турнирде жарысып, әрі оқу — жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Мен үшін сәуір айындағы сайыс өте маңызды. Себебі алғашқы Әлем біріншілігім».

Қаламыздың ашық турнирі аяқталған соң жерлестерімізді 3 бірдей жарыс күтіп тұр. Бірі Әлем біріншілігі болса, екінішісі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты. Кейінгісі ересектер арасындағы Қазақстан спартакиадасы. Барлығы да сәуір айында өтеді.

Назерке Үкібасова