Шымкенттік көркем гимнасшы Азия чемпионы атанды

480
Сабинаның ізбасары құрлық біріншілігін бағындыруда

Оңтүстік көркем гимнасшылары жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында чемпион атанды. Жерлесіміз Амина Рүстемова ұлттық құраманың сапында жекелей сынақта 15,167 бал жинап, алтыннан алқа тақты. Лола Әділбекованың шәкірті доппен жасалатын жаттығуда ең үздік нәтиже көрсеткен жеткіншек деуге болады.

Сабинаның ізбасары құрлық біріншілігін бағындыруда

Астанада көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында 14-ші Азия чемпионаты өтті. Турнирге деке және топтық жаттығуларда шығатын спортшылар қатысады. Атап айтқанда Азия құрлығындағы 13 елден 150-ге тарта қатысушы келді.

Қазақстанға келген спортшылардың өнеріне Корея, Сингапур, Қырғызстан, Малайзия, Жапония, Үндістан мамандары төрелік етті, Жалпы Азия чемпионатында 24 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қазақстанның гимнастика федерациясы 1992 жылдан бері жұмыс істеуде. Халықаралық гимнастика федерациясының және Азия гимнастикалық одағының мүшесі. Федерацияның құрамына Қазақстанның 13 аймағынан спорттық гимнастика, көркем гимнастика, спорттық акробатика, акробаттық жолақта және батутта секіруден аккредиттелген 16 аймақтық спорттық федерация кіріп отыр. Гимнастика федерациясы 10 мыңнан астам спортшыға жетекшілік етеді.