Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Каныбеков, Басқарма қызметкерлері, Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» ММК-ның ит аулау бригадасы және ветеринариялық дәрігерлері, «Вторая жизнь» қоғамдық қайырылымдылық қоры, Әл-Фараби ауданына қарасты жергілікті полиция өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласы, Д. Қонаев және Түркістан көшесі қиылысы маңында заңсыз, құжатсыз жануарларды сатуға тосқауыл-рейдттік іс шарасы жүргізілді.
Іс шара барысында қала аумағында заңды ветеринариялық құжаты жоқ жануарларды (ит, мысық) сатуға болмайтындығы туралы ескертілді. Сонымен қатар, заңсыз жануарларды сатушыларға Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/384-6с шешімімен қаладағы иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жергілікті полиция қызметкерлері хаттамалар толтырып, заңсыз сатушылардан жазбаша түсініктеме алды.
Алдағы уақытта, жоғарыда аталған рейдттік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.