Тұрғындар мен құрылысшылар тіл табыса алмай отыр

293

«Бадам-2» елді мекенінде құрылысшылар мен тұрғындар тіл табыса алмай жатыр. Жанжалдың тууына себеп болған оңтүстік айналма жолы. Бұған дейін бітпейтін шаң тозаңға шағымданған ел, бұл жолы арық арнасының бұзылуына арызданыпты. Ал, мердігер мекеменің пікірі тым бөлек. Олар қайта қараша халыққа жағдай жасап отырғандарын айтып, ақталды.

«Бадам-2» елді мекеніндегі бұл аумақта 300-ге жуық отбасы тұрады. Бұқара халық негізінен мал бағып, бақша өсірумен айналысады. Ол үшін үй жанынан ағатын өзен суы талайдан бері көмек болып келген. Бірақ, көктем басталғалы жағдай күрт өзгеріпті.

Көпір жасап жатқан мердігер компания мүлде басқаша көзқараста. Сөздеріне сенсек, олар қайта тұрғындар жағдайын жасап жатыр екен. Өз жоспарларында жоқ өткел жасап, арық арнасын түзеткен. Бірақ, елдің алғысын алудың орнына ұрыстың астына қалыпты.

Өзі басшылық ететін аумақ басшысы да бей-жай отыра алмады.
Сонымен халықты сусыз қалдырған құрылыс қайта жанданбақ. Бұл жолы жөндеу жұмыстары көпірмен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, арық арнасы қайта қалпына келтіріліп, су күні ертең ағысын бастайды екен.

Назерке Үкібасова