Қан тапсырушылар қатары артып келеді

102
фото Today.kz

«Донор бол!». Бүгін Дүниежүзілік донорлар күні. Шымкент қалалық қан орталығында ашық есік күні өтуде. Таңертеңнен бері 100 — ден астам тұрғыннан 500 миллиграмнан аса қан алынды.

Мамандар мұндай шара қан тапшылығын алдын-алуға септігін тигізеді дейді. Мамандар қан тапсырудың адам ағзасына пайдасы зор дейді. Бұл біріншіден, артық салмақтан арылуға, жастықты сақтауға септігін тигізеді екен. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы кезде шымкенттіктердің донор болуға белсенділігі артып келеді.

Гүлмира Үкібаева, Қалалық қан орталығы басшысының орынбасары: «Бүгін донорлар күніне орай таңертеңнен бері 100 -ден астам донор келді. Басқа күндері 60-80 адам келеді».

Айта кетейік, бүгінде қан орталығының донорлар базасында 500-ден астам қан қоры бар.

Айжан Ермекқызы