Шымкентте қан тапсыру акциясы өтті

37

«Өмірге үміт сыйла». Шымкентте осындай атаумен қан тапсыру акциясы өтті. Шараға белсенді қатысушылардың бірі -Жанар Елтанова. Дизайнер 4-ші баласын өмірге әкелгелі жүрсе де, донор болудан бас тартпағанын айтады.

Жанар Елтанова, дизайнер: «Шынымды айтсам мен өзімді жақсы сезініп тұрмын. Барлығын қан тапсыруға шақырамын. Бұл пайдалы іс қана емес, донор болу арқылы біз өзгелердің өмірін құтқаруға көмектесеміз»

Акция 27 ақпан – Халықаралық Үкіметтік емес ұйымдар күніне орай ұйымдастырылып отыр. Шараға Үкіметтік емес ұйым мүшелері, қала жастары мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Жұмағали Білісбеков, «Шымкент қаласының Азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы:
«Сіз қан тапсыру арқылы өлім мен өмір арасында жатқан жанға көмектесуіңіз мүмкін. Донорлық бізде жақсы дамыған, алайда қан жетіспеушілігі байқалады. Шымкенттегі қан тапсыру орталығы жақсы жұмыс істеп жатыр. Орталыққа күніне 50-60 адам келеді. Мереке күндері 200-ге жетеді екен»