Қан тапсырып, адамның өмірін сақтап қалуға қолдау көрсетіңіз

57

Қала күніне орай шаһарда  іс-шаралар жалғасуда. Қалалық қан орталығында  14 маусым күні Дүниежүзілік қан доноры күніне орай өтеусіз тұрақты донорларға арналған іс-шара өтеді.

Бұл  іс-шараның мақсаты –қан донорларына ризашылық білдіру, қанды тұрақты және өтеусіз тапсырудың қажеттігі туралы халықтың хабардар болғанын арттыру, қоғамдық ынтымақтастық пен  әлеуметтік бірлікті нығайту үшін ерікті өтеусіз қан донорлығының маңыздылығын мойындау және насихаттау болып табылады.

Дүниежүзілік қан доноры күні адам өмірін сақтау және қоғамдағы ынтымақты нығайту үшін ерікті қан тапсырудың маңыздылығына назар аударатын «Қан донорлығы – ынтымақтастық негізі. Донор болыңыз және адам өмірін сақтауға үлес қосыңыз» деген ұранмен өтеді.

Шынар Оразова