Қазақстан сайлаушыларының 77 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары алдын ала ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 77 пайызы сайлау бюллетендерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 83, Ақтөбе облысы бойынша 84,6, Алматы облысы бойынша 89, Атырау облысы бойынша 71,2, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 84,5, Жамбыл облысы бойынша 81,3, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,2, Қарағанды облысы бойынша 77,1, Қызылорда облысы бойынша 77,6, Қостанай облысы бойынша 84, Маңғыстау облысы бойынша 68,3, Павлодар облысы бойынша 79,5, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 79,8, Түркістан облысы бойынша 84,8, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 68,3, Алматы қаласы бойынша 52,2, Шымкент қаласы бойынша 67,1 пайыз дауыс берді», — деді Сәбила Мұстафина.
Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес президент сайлауында дауыс беру сайлау күнінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін өткізіледі.
«Қазіргі сәтте дауыс беру сағат 21-00-де бітетін 4 батыс өңірдегі және Қызылорда облысындағы 1 899 учаскені қоспағанда елдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру бітті. Сонымен қатар 40 елдегі 51 шетелдік учаскеде дауыс беру жүріп жатыр», — деді ол.