1 жылдың ішінде жүзеге асырылған шаруа көп

261

Оңтүстік Қазақстан обылысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіріліп, бұрынғы облыс Түркістан болып қайта өзгертілгеніне бір жыл толды.

Осыған орай, Түркістан қаласында обылыс әкімінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 1 жыл ішінде обылыс әкімі бір рет ауысып, оның орнына Өмірзақ Шөкеев келді. Жаңа әкімнің қызметінің басталғанына 100 күннен асты.

Бүгінгі жиында облыс әкімі 100 күннің ішінде қандай жұмыстардың аяқталғаны және жүргізіліп жатқаны туралы айтуы тиіс болатын. Жиналғандарды көп күттірмей-ақ конференцияда басталды.

Өмірзақ Шөкеев баяндама барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданғанын айтты. Оның ең маңыздысы – «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жобасы».

Шөкеев Өмірзақ, Түркістан облысының әкімі: «Соңғы бір ай ішінде Түркістан облысына қатысты бір заң, бес қаулы қабылданды. Ол қаулылардың бәрі өте маңызы зор. Жалпы айтқанда Түркістанның жүйелі мәселелерін шешетін келесі бес жылдың ішінде 2024 жылға дейін жалпы облыстың келешегін қалыптастыратын қаулылар. Оның біріншісі және бірегейі деп айтуға болады, ол Түркістан облысының дамуының кешенді жоспары».

Бұдан бөлек, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша  барлығы 1724 пәтер тапсырылған. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға тапсырылады. Сондай-ақ, биыл мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 3315 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Өмірзаө Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Облыс бойынша көп қабатты тұрғын үйлердің басым бөлігі Кентауда, Түркістанда. Кентауда барлық көп қабатты үйлерге қаржы бөліп жатырмыз. Қайта жаңғыртудан өткізіліп жатыр. Биылдың өзінде 44 үй қайта жаңғыртылатын болады».

Сұрақ-жауап кезінде өңірлік төртінші билік өкілдері көкейкесті сұрақтарына жауап алды. Тілшілерді қызықтырған сұрақтардың бірі Шымкент пен Түркістан арасындағы жолды қысқарту.

«Пойыз бойынша ол дұрыс мәселе деп ойлаймын. «Қазақстан темір жолымен» қазірдің өзінде жұмыстар жүргізіліп жатыр, жобасы жасалып жатыр. Экономикалық жағынан оның ұтымды ма, ұтымды емес пе соны көру керек. Егерде тиімді болатын болса ол жол салынады деп ойлаймын» деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев Оңтүстік Қазақстан облысын осыдан он үш жыл бұрын да басқарған. Өңір басшылығында сол кезде сегіз айдай отырса да елдің есінде ауыл шарушылығына көп көңіл бөлетін әкім ретінде қалған. Бұл жолы да Шөкеевтің жоспарлаған жобалары көп.

Олжас Айдарбек