А. Байтұрсынов көшесіндегі құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталады

233

А. Байтұрсынов көшесіндегі құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталады. Әзірге аяқжолдары жөнделіп жатқан орталық көшеге асфальт салынбақ. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары жыл сайын жүргізілгенімен бұл көше 10 жылдан бері күрделі жөндеуді көрмеген екен.

Жыл басынан бері үшінші мегаполистің 165 шақырымдық көшесі жөнделе бастады. Қазіргі таңда оның 50 пайызы пайдалануға тапсырылып үлгерген. Ал, 2020 жылға дейін 109 шақырым жол құрылысы аяқталу жоспарланбақ. Оның ішінде Н. Назарбаев, Тәуке хан даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшелері бар.

Орталық көшедегі күрделі жөндеулердің бірі А. Байтұрсынов көшесінде жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша алдымен аяқжолдары аяқталуы керек. Қазіргі таңда оның 30 пайызы жасалып қойды. Ал, келесі айдан бастап, көлікке арналған жолға асфальт төселеді. Жауаптылардың айтуынша құрылыс қараша айына дейін жалғаспақ.

2020 жылға дейінгі жоспар бойынша Шымкенттің 3 орталық көшесі жөнделмек. Алдымен Түркістан және Республика даңғылы секілді көлік көп жүретін көшелер жөндеуден өтеді.

Назерке Үкібасова