Úı ANONS Келестегі «ізтабан» пайда болған жол қайтадан жөнделуде

Келестегі «ізтабан» пайда болған жол қайтадан жөнделуде

фото КАӘБҚ
Келес аумағындағы А-15 жолының 34 км бөлігі жөнделіп жатыр. Қозғалыс нормадан 2 есе көп. Шілдеде 18 км жерде «ізтабан» пайда болды. Бұған жолдың тарлығы, ауа температурасының +45…+50 °C жетуі және ауыр жүк көліктерінің шектеуді сақтамауы әсер еткен.
Жол мемлекетке тапсырылмаған, бюджеттен артық қаражат төленбеген. Ақаулар толықтай мердігердің өз қаражаты есебінен қалпына келтірілуде. Жөндеу сапасы бақылауда.