Úı ANONS Қалада бірнеше көше жөндеуге жабылады

Қалада бірнеше көше жөндеуге жабылады

Шымкентте бірнеше көше бірер аптаға жабылды. Мұндағы мақсат, жол инфрақұрылымын жақсарту. 11 қарашадан бастап, бір аптаға Юсуф Сареми және Жаңақұрылыс көшелерінде автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл учаскелерде жолды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкентте жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мәселен, кейбір көшелерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілмек. Нақтырақ айтар болсақ, Юсуф Сареми көшесінде жол қозғалысы шектелді. Өйткені, бұл аумақта асфальттың үшінші қабаты төселіп жатыр.

Бағдат Орынбай, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы: «Сареми көшесінде  жобалық сметалық құжаттар әзірленген. Күрделі жөндеу жұмыстары. Мұның айырмашылығы жол негізін қайта қазып алып, қайта орнына орнына орнатумен ерекшеленеді. Бұл жолдың құрылысы 2024 қыркүек айына бастап жалғасуда. Жалпы ұзіндығы 7,3 шақырым.  Бір апта көлемінде Жібек жолы көшесінен  Тассай бөлімшесіне дейін жабылды. Келесі аптада  Тассай бөлімшесіне Ибрагим ата көшесіне дейін жабылатын болады».

Қала әкімдігі тарапынан тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған бұл жұмыстар тұрғындардыңда көңілінен шыққан. Олардың айтуынша, былтыр басталған жұмыстар халыққа еш кедергі келтірмеген. Жауапты мамандар жол жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізді деп отыр.

Бахтияр Добов, қала тұрғыны: «Біздің ауылда мына үлкен жол салынып жатыр. Екі жылдан бері. Қазір ең соңғылары салынып жатыр. Бәрі сапалы салынып жатыр. Ішкі ікөшелеріміздің барлығы біткен. Тассай елді мекенінде 9 көше бар. Барлығы асфальттанып, жарық барлығы қойылып біткен. Жол басқармасымен келісіпі, уақыт-уақытымен айтылды. Группамыз бар. Айтып ескертіп отыр. Қай уақытта жабатындарын».

Айта кету керек, Сареми көшесінің күрделі жөндеу жұмыстары үшін мемлекет қазынасынан 3,5 млрд. теңге қаржы қаралған. Ал жауапты мердігер мекеме «Сұңқар» ЖШС. Қазіргі таңда асфальттау жұмыстары толық аяқталуға жақын.

Нұргүл Жолымбетова