Абай ауданында 150 отбасыға азық-түлік табыс етілді

179

Қасиетті Рамазан айындағы игі шаралар жалғасуда. Халықаралық балалар күніне  орай Абай ауданы әкімдігі  сенбі күні қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Шара барысында  аудандағы 150-ге  жуық көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына азық түлік табыс етілді.

Димаш  Дәуренбеков, Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы: «Биыл Қасиетті Рамазан айында зиялы қауымға, ардагерлеріміз бен ақ жаулықты аналарымызға ауызашар береміз деп ойластырған едік. Бірақ, ақылдаса келе көмекке мұқтаж  отбасыларына қолдау көрсетуді жөн көрдік. Сондықтан да  ауданымыздағы  көмекке зәру отбасыларына ұн, күнбағыс майы, сияқты  күнделікті тұрмысқа қажетті азық- түлік тараттық. Жаңашыл форматта өткен шараға жастарды тартып, олардың қайырымдылық шараларға кеңінен  қатысуы насихатталды».

Шынар Оразова