Офицер курсантқа қол жұмсаған

196
фото kznews.kz

Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының курс басшысының орынбасары қол астындағы курсантты сабап тастаған. Аға лейтенанттың ісімен тәртіп сақшылары айналысып жатыр. Егер оның кінәсі дәлелін тапса шенді жұмысынан қуылуы мүмкін. Алайда, полиция департаментіндегілер әзірге бұл оқиға жайында жақ ашпай отыр.

Соққыдан жағы жыртылған оқу орталығының тыңдаушысы қалалық емханадан бір-ақ шыққан. Бастығынан таяқ жеген 27 жастағы жігіт аураханада 5 күн ем алған.

Арман Жұмаев, бет-жақ хирургиясы бөлім меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы: «Төменгі жағының сынуы диагнозымен түскен. Кеуденің жұмсақ терінің зақымыдануы болған. Шұғыл түрде ота жасалды. Төменгі оң жағын тігіп, көмек көрсетілді. Бактерияға қарсы терапия жасадық. Ол біздің бөлімшеде 5 күндей қадағалаумызда болды. Осыдан кейін жергілікті мекен-жайы бойынша амбулаториялық ем алуға жолдама берілді.

Офицердің мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Қазір Шымкент қалалық Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқарамасы осы жағдайға қатысты тергеу-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Талғат Меңдібаев, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының басшысы: «Қызметтік тексеріс жүргізу барысында жәбірленуші курс бастығының орынбасарына сілтеп отыр. Аға лейтенант ол біздің оқу орталығының қызметкері. Әзір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қызметтік тексеру жұмыстары аяқталған соң қатаң жаза қолданамыз. Ал оның іс әрекеті бойынша тергеу барысында анық болады. Бұл іс сотқа барады. Егер оның кінәсі дәлелденсе тисті жазасын алады. Нүктесін судья қояды».

Министірлікке қарасты оқу орталығының офицері осы оқиғадан кейін дереу «еңбекке жарамсызбын» деп демалысқа шығып кеткен. Ол мұнда 2 жылдан бері жұмыс істейді екен. Орталық басшысы осы уақыт аралығында тыңдаушыға жұдырық ала жүгірген офицерге қатысты әріптестерінен ешқандай шағым түспегенін айтады.

Ернар Балабеков