Президенттік сайлауға шақырту қағазын күтпеңіз…

195
Шымкентте мектеп тапшы

Президенттік сайлауға шақырту қағазын күтпеңіз… Азаматтық құқығыңызды пайдаланып, сайлаушылардың тізімінде өзіңізді тексеріп алыңыз. Өйткені сайлаушылар тізімін әкімдіктер база негізінде жасақтаған.

Абай ауданына қарасты 74 сайлау учаскесінде 186 мың сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. №23-ші мектепте орналасқан №7-ші сайлау учаскесінің комиссия мүшелері саяси науқанға сақадай сай. Президенттік сайлауға қатысатын 7 үміткер жайлы мәлімет, әдістемелік құралдар да.

Абай ауданы әкімдігінің берген тізімі бойынша учаскеде 2883 сайлаушы көрсетілген. Соның 1454-і сол округке тіркелгені анықталған. Орталық сайлау комиссиясы айтқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бұрыш қарастырылмапты.

Мая Литугина, учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі

Мая Литугина, комиссия мүшесі: «Біздің учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар жоқ. Жасы келген, науқас жалпы 41 сайлаушының үйіне комиссия мүшелері жәшікпен барып, дауыс беруіне жағдай жасайды».

Саз колледжінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тізімі әлі анықталып жатыр. Дегенмен, оларға сайлау учаскесіне кіріп-шығуына, кабиналарда дауыс беруіне жағдай жасалған. Бұл жерде тіркелген сайлаушылардың саны 2431.

Күлнара Дүйсенбиева, №8 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі: «Ешкім шақырту таратпайды. Мынандай қағаздар үйлерде ілінеді. Комиссияда 7 адам.  Жеке куәлікпен келіп тіүркелуге де болады».

Абай ауданы әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек аудан аумағында 74 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылардың саны 186 мыңнан асады.

Димаш Дәуренбеков, Абай ауданы әкімдігінің аппарат басшысы: «Барлығы да база негізінде жасақталған. Мекен — жайыңыз бойынша тізімнен өзіңізді таппасаңыз, арыз жазып, дауыс беруіңізге болады».

Сондықтан да, алдағы жылдардағыдай сайлауға шақырту қағаздарын күтпеңіз. Азаматтық ұстанымыңызды білдіріп, мекенжайыңыз бойынша сайлау учаскесіне барып, тізімнен өзіңізді табыңыз. Әрбір дауыс маңызды.

Шынар Оразова