Сайлаушыларды таңғы сағат 8-ден бастап қабылдаған бұл орталыққа 2482 тұрғын тіркелген. Бірақ, дауыс беру үшін оның жартысы ғана келіпті.

Нақтылап айтсақ, 1184 азамат өз таңдауын осы жерде жасаған. Неге екені белгісіз, дауыс берушілер белсенділігі соңғы сәтте күрт артып кетті. Сонымен, №96 сайлау учаскесінің қорытындысы бойынша қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев 910 дауысқа ие болды.

Екінші орында Әміржан Қосанов. «Ұлт тағдыры» қозғалысының кондидатына аталмыш учаскеде 223 дауыс берілген. Ал, Дания Еспаева 14, Жамбыл Ахметбеков 8, Амангелді Таспихов пен Төлеутай Рахымбековте 4 дауыстан табысталған. Ең аз сенімге Сәдібек Түгел ие болыпты. Ел есінде шапанымен қалған бұл кандидатқа Шымкенттің 96 учаскесінде 3 азамат дауыс беріпті.

Назерке Үкібасова