Арыстағы қару-жарақ қоймасы қасақана өртелген болуы да мүмкін – Н.Ермекбаев

216

Арыстағы әскери қару-жарақ қоймасын қасақана өртеуі мүмкін деген нұсқа да қарастылып отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Ықтимал барлық нұсқа қарастырылады: бұлар адами фактор, өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы, немқұрайлылық, техникалық себептер, мысалы, электр тоғының қысқа тұйықталуы, зарядтың химиялық реакциясы, әдейі өртеу немесе диверсия нұсқасы да тексеріледі. Тергеу нәтижесі бойынша әр лауазымды тұлғаның жауапкершілігі анықталады», – деді Ермекбаев ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

24.kz