Шымкенттік полицейлер есірткіні жарнамалайтын жазбаларды өшірді

118

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі сататын веб-сайттарды анықтап, Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп есірткіні жарнамалайтын жазбаларды өшіру жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласындағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің қабырғасында есірткіні жарнамалайтын түрлі интернет жүйесіндегі сайттардың сілтемелері жазылған отыздан астам жазба жойылды.

Сондай-ақ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ғаламторда мониторинг жүргізіп, Телеграм қосымшасы және басқа да түрлі әлеуметтік желілер арқылы осындай хабарландырулар таратқан веб-сайттарды анықтады. Қазіргі таңда ол сайттарға кіруге шектеу қойылған.

Мұндай заңсыз іс-әрекет есірткі құралдарын жарнамалау және насихаттау болып саналады. Ол үшін ҚР ӘҚтК-нің 434 және 505-бабының талаптары бойынша 5 АЕК-тен 15 күнге дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.