Түркістан облысында суды қажет етпейтін қарбыз пісіп жетілді

287

Түркістан облысы Келес ауданында суды қажет етпейтін қара қарбыз пісіп жетілді. Бұл тәжірибені ғалым Бердияр Қалымбетов Бірлесу ауылдық округінде жүзеге асырып отыр. Қарбыздың тұқымын көрші Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысы Жанбай ауданынан әкелінген.

Аталған егіннің ерекшелігі ұрық ерте көктемде ылғалға егіліп, сол сәттен пісіп жетілгенше су ішпейді. Қарбыздың су қажет етпейтінінің ұтымдылығы – ауданның суару мүмкіншілігі болмаған жерлерде егін шаруашылығын тиімді пайдалану. Алдағы уақытта ғалым аталған тәжірибені басқа да ауданның диқандарына үйретіп, егістік алқабын кеңейтуді көздеп отыр.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі