Жомарт жандар балаларға қайырымдылық жасады

538

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Наурыз» алаңында «Жомарт жандардың балаларға қайырымдылық іс-шарасы» өтті.

Аудандағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар, жетім, тұл жетім және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жомарт жандар демеушілік жасап, 150 балаға қуаныш сыйлады.

Оларға жаңа оқу жылына сөмке, кеңсе заттарын табысталса, оның ішінде 30 балаға мектепке арналған киім кешек беріліп көмек көрсетілді. Іс-шара соңы концерттік бағдарламалармен жалғасып жезтаңдай әншілер ән шырқап іс-шараның көркін қыздырды.

Аталған қайырымдылық шарасына «Қырғы базар» «СҮ Береке» «Royal Club fitnes centre» «Стамбул мейрамханасы» «АО Химфарм» «АО Визит» « СҮ Имран» басшылары демеушілік жасады. Іс-шараға аудан аумағында орналасқан мектеп ұстаздары аз қамтылған отбасы балалары және өкілдері қатысты. Алдағы уақытта да қайырымдылық шарасы өз жалғасын табатын болады.