«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан филиалының өкілдері лизингке алынған «DALA-FRUIT» АШӨК Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан қарқынды алма бағы аумағына техникалық жағдайын бақылау мақсатында мониторинг жүргізді.
Ауылшаруашылық өндеу кооперативі қарқынды алма бағын дамытумен айналысып келеді. Кооператив 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Жалпы аумағы 80 га құрайтын бақтың аумағында 200 мыңнан астам алма көшеттері өсіріледі.
Бұл Фуджи, Грэнни Смит, Голден делишез, Айдарэд сорттарының алмалары. Жинағаннан кейін жаздық дақыл өнім әрі қарай қоймаға жіберіліп сатуға шығарылмақ. Алманы жақын және алыс шет елдеріне экспорттау жоспарлануда.