Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жағымды болуы қызметкерлердің жұмыс қабілеті мен өзара сенімділігінің артуына негіз болады. Осы бағытта Шымкент қаласының прокуратура қызметкерлерімен Дендросаябақта психологиялық тренингтік жаттығулар өткізілді.

Эмоционалдық қажу, стресстік жағдайларды болдырмау мақсатында арнайы ұйымдастырылған тренингтік жаттығуларға басқармадан 80 қызметкер қатысып,«өз-өзіне сенімділік», «байланған алқа», «Ханшайым, самурай, арыстан», «өткелден өту», «интеллектуалды футбол», «кедергіні жеңу» және басқа да тренингтік жаттығулар жүргізілді.

Аталған іс-шараға прокуратура қызметкерлері белсене қатысып, эмоционалдық шаршау, стресстік жағдайларды болдырмау мақсатында релаксациялық жаттығулар орындады.

Ұжымдағы біртұтастылықты дамытуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізу практикаға енгізілген.