Шымкенттік полицейлер «Коммуникативтік менеджментті» меңгеріп жатыр

228

«Коммуникативтік менеджмент» . Development Day аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы осындай тақырыппен семинар-тренингті қолға алды.

Семинар-сабаққа полиция департаментінің көші-қон қызметі және жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қатысып, білімі мен білігін жетілдірді.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, бұл тренинг полиция қызметкерлерінің қоғаммен өзара іс-қимыл кезіндегі коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, оны жетілдіруге және тиімді коммуникация жүргізудегі біліктілігі мен дағдыларын дамытуды көздейді екен.

«Оқыту барысында семинар қатысушыларымен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Олардың бірі – құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде халықпен диалог жүргізуі болып табылады. Осыған байланысты, полиция қызметкерлерінің азаматтармен  өзара іс-қимыл кезінде коммуникативтік дағдыларын арттыру бойынша сауатын арттырудың маңызы зор. Сондықтан, бұл сабақтарда тәртіп сақшылары өздеріне көп пайдалы ақпарат алды дей аламыз», – дейді департамент басшылығы.

Мөлдір Бекеева