Туысының көлігін ұрлап кеткен азамат ұсталды

93

Сарыағаш АПБ-не ер азамат арызданады. Жергілікті тұрғын өз арызында түнгі уақытта белгісіз тұлға тұрғын-үйінің алдында тұрған автокөлігін жасырын айдап әкеткендігін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 500 000 теңгені құрады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, қылмыстық іс ретінде тіркелді.

Сарыағаш АПБ-нің КПБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалған автокөлік Қазығұрт ауданындағы көшелердің бірінде иесіз тұрғандығы анықталып, қарау хаттамасымен тәркіленіп алынды. Одан ары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстау мақсатында Сарыағаш аудандық полиция қызметкерлері қажетті деп тапқан барлық шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды аралап шығып, бейнебақылау камераларын тексерді.

Тексеру барысында, камерадан жәбірленуші тұратын көшенің жарығын бірнеше уақытқа толық өшірген азаматтың бейнесін көріп қалады. Аталмыш азаматты сөзге тарту барысында, бір танысы трансформатор арқылы жарықты сөндіре тұруын өтінгені анықталды. Осы сәттен бастап, күдіктінің кім екендігі анықталып, оның қашып жүрген жерінен ақпараттар түсіп, араға көп уақыт салмастан, күдікті қолға түсті. Белгілі болғандай күдікті ер азамат, жәбірленушінің алыс туысқанының бірі болып шықты.

Автокөлікті ұрлап, айдап әкеткен күдікті, ізінен полицейлер түсіп, іс қозғалғанын естіп, көлікті тастап кеткен. Ол өз кінәсін толық мойындады. Бұрында қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны айқындалды. Бас шарасы «қолхатта». Ал, ұрланған автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.