Төлеби аудандық мәдениет үйінің орталық алаңында Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы” мен “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен “Жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі» болып өтті.
Айта кетсек, «Жас кәсіпкерлер» арнайы жобасының 2-ші легінде 62 төлебилік жастар білім алуда. Жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу мақсатында өткен шарада “Бизнес бастау” бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, оқып жатқан жастар белсенділік танытып, жасап жаткан кәсіптерінің өнімдерін сатылым бағасынан 40 50 пайыз төмен бағада аудан тұрғындарына саудалады.
Сонымен қоса, іс-шарада үстел теннисі, қол күресінен жарыстар ұйымдастырылып, өнерпаздардың орындауында әндер айтылып, іс-шара соңы би кешімен жалғасын тапты.