4 күн бұрын басталған жарысқа еліміздің әр аймағынан 8 команда келген болатын. 10 жастағы жасөспірімдер арасында Шымкент намысын «Тұран» командасы қорғады. Еске сала кетейік, жерлестеріміз өткен жылы чемпион атанып, ел үздігі болған еді.
Бақытжан Зиябеков, №8 қысқы спорт мектебінің директоры: «Біздің командамыздың дайындығы жаман емес. Біресе ұтады, біресе ұтылады. Ойын ойдағыдай өтіп жатыр. Бүгін соңғы ойындар өтіп жатыр, «Екібастұз» командасымен».
Хоккейден жасөспірімдер арасындағы жарыс барлығы 4 кезеңнен тұрады. Алғашқы сын Шымкент қаласында өтсе, келесі кездесу Алматы қаласында ұйымдастырылмақ. Ал, жарыс жеңімпаздары тек 2020 жылы анықталады.
Назерке Үкібасова