Шымкент: Хоккейден республикалық турнир басталды

56

 Шымкент қаласында 11-15 қазан аралығында шайбалы хоккейден республикалық турнир өтеді. Бұл жарыс 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Федерация Кубогына» арналып отыр.

Додаға Алматы қаласының «Rakhimzhan», «Medvedi», Павлодар қаласының «Ertis», Нұр-Сұлтан қаласының «Brigantina», «Barys», «Astana», Ақтөбе қаласының «Aqtobe», Атырау қаласының «Beibarys» және Шымкент қаласының «Turan» командасы қатысуда.

Ал бүгін кешкі бағдарламада Шымкент қаласының «Turan» командасы елордалық «Barys» командасына қарсы алғашқы бәсекесін өткізеді. Жеңімпаз және жүлдегер командалар 15 қазан күні анықталады.

Әлихан Файзханов