Төлеби ауданындағы күрд диаспорасының құрылғанына — 10 жыл. Осы мерекеге орай, әннен шашу шашып, өзге ұлт өкілдерімен бірлесе атап өтті. Cалтанатты шарада қонақтарға күрді халқының ұлттық тағамдары, киімдері және салт-дәстүрлері таныстырылды.

Диаспора өкілдері қонақтарды күрді халқының ұлттық биі “Говандпен” қарсы алды. Бұл сәлемдесудің құрметі. Ұлттың ізгі ниетті насихаттайтын өнерінің бірі түрі саналады. Төлеби ауданында 2 мыңға жуық күрд ұлтының өкілі тұрады. Бүгінде олардың дені ауыл шаруашылығымен және кәсіпкерлікпен күнелтіп жатыр.

Атаулы датаны жергілікті билік өкілдері де елеусіз қалдырмады. Бұл күні жыл бойы ауданның дамуына түрлі салада үлес қосқан қызметкерлерге ілтипат көрсетіліп, сый-сыяпат жасалды.

Күрді диаспорасының өкілдері еліміздегі татулық пен достықтың арқасында бейбіт өмір сүріп, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

Ғалымжан Кенжебек