Көпқабатты үйлердің 5 пайызының жылу жүйесінде ақауы бар

169
фото Baribar.kz

Шымкент қаласында жылыту маусымы басталғалы орталық қазандықтан жылытылатын 1889 көпқабатты үйлердің 95 пайызы, 400 – ден астам бюджеттік мекемелер жылуға 100 пайыз қосылды. Осындай мәлімет берген «ҚуатЖылуОрталығы-3» коммуналдық мекеме басшыларының айтуынша, шаһардағы көпқабатты үйлердің 5 пайызының жылу жүйесінде ақауы бар баспаналарға жатады. Себебі олар арнайы қызмет көрсететін мекемелермен келісім жасапаған.

Асқар Бөлешев, «Қуатжылуорталығы 3» МКК бөлім басшысы: «Пәтерлерлдің 5 пайызы ол қараусыз үйлер. Кезінде ешкіммен келісім жасамаған, соған қарамастан біз өзіміздің жәрдемімізді беріп жатырмыз».

Бүгінгі таңда көпқабатты үйлерге беріліп жатқан жылудың температурасы шығысында 50, қайтарымы 40 градус болып тұр. Ауа райы салқындаса жүйедегі температура да көтерілетін болады.

Айта кетейік, беріліп жатқан жылуға есептегіш құралдары жоқ тұрғындарға төлем 1 қарашадан бастап есептеледі.

Нұрлан Күдерұлы